Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 426 Қаулысы (2015.23.12. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 426 Қаулысы

(2015.23.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2015.31.10. № 870 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат);

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

барлық мәтін бойынша «су қорын пайдалану және қорғау» деген сөздерден кейін «, сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен толықтырылсын;

13-тармақ мынадай мазмұндағы 155), 156), 157), 158), 159), 160), 161) және 162) тармақшалармен толықтырылсын:

«155) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдерін бекітеді;

156) елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін әзірлейді;

157) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін әзірлейді;

158) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекітеді;

159) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлейді;

160) жерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындайды;

161) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді;

162) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.»;

14-тармақ мынадай мазмұндағы 235) тармақшамен толықтырылсын:

«235) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды іске асыру.»;

3) ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1034 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 30 наурыздағы

№ 426 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1265 қаулысымен

бекітілген

 

 

Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесі

 

Р/с

Облыстар бойынша нысандардың атауы

1

2

 

1. Топтық жүйелер

Ақмола облысы

1.

Көкшетау өнеркәсіп су құбыры

2.

Нұра топтық су құбыры

Алматы облысы

3.

Бозой топтық су құбыры

Атырау облысы

4.

Атырау-Мақат топтық су құбыры

5.

Индер-Миялы топтық су құбыры

6.

Қоянды топтық су құбыры

7.

Құлсары-Тұрғызба-Шоқпартоғай-Ақкиізтоғай топтық су құбыры

8.

Миялы-Жангелдин-Жасқайрат топтық су құбыры

Шығыс Қазақстан облысы

9.

Белағаш топтық су құбыры

Батыс Қазақстан облысы

10.

Каменский топтық су құбыры

11.

Орда топтық су құбыры

12.

«Сырым» топтық су құбыры

13.

Шыңғырлау топтық су құбыры

Қарағанды облысы

14.

Қаныш Сәтпаев атындағы канал

Қызылорда облысы

15.

Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры

16.

Жиделі топтық су құбыры

17.

Октябр топтық су құбыры

Қостанай облысы

18.

Владыкин топтық су құбыры

19.

Есіл топтық су құбыры

20.

Железнодорожный топтық су құбыры

21.

Лихачев топтық су құбыры

22.

Смирнов топтық су құбыры

23.

Ұзынкөл топтық су құбыры

Маңғыстау облысы

24.

Ақжігіт-Майлы топтық су құбыры

25.

Бесқұдық-Бекін топтық су құбыры,

26.

«Жетеш-Тұшықұдық-Шебір» топтық су құбыры

27.

«Қазба-Ақшымырау-Қызан»топтық су құбыры

Солтүстік Қазақстан облысы

28.

Булаев топтық су құбыры

29.

Есіл топтық су құбыры

30.

Преснов топтық су құбыры

31.

Сергеев топтық су құбыры

32.

Соколов топтық су құбыры

Оңтүстік Қазақстан облысы

33.

Арыс топтық су құбыры

34.

Сарыағаш топтық су құбыры

35.

Шәуілдер топтық су құбыры

2. Оқшау жүйелер

Қостанай облысы

36.

«Аман-Су» оқшау су құбыры

37.

«Дидар» оқшау су құбыры

38.

«Жангелді коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» оқшау су құбыры»

39.

«Железорудная жылу-энергетикалық компаниясы» оқшау су құбыры

40.

«Жылу» оқшау су құбыры

41.

«Затобол жылу-энергетикалық компаниясы» оқшау су құбыры

42.

«Қамысты» оқшау су құбыры

43.

«Құсмұрын жылу-энергетикалық компаниясы» оқшау су құбыры

44.

«Мерей» оқшау су құбыры

45.

«Таза су» оқшау су құбыры

46.

«Тарановец» оқшау су құбыры

47.

«Тобыл» оқшау су құбыры

Солтүстік Қазақстан облысы

48.

«Есдәулет жер асты суларының кен орындары» оқшау су құбыры

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции