(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2006.01.02 № 56 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық
саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы
(2011.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын.
ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бір ай мерзімде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы yлгі ережені әзірлеп, бекітсін;
2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жоғарыда аталған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияларды құрсын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа