(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2006.01.02 № 56 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік
саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы
(2007.17.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 15 мамардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия туралы yлгі ережені әзірлеп, бекітсін;
2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жоғарыда аталған отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияларды құрсын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 13 қыркүйектегі № 3108 Жарлығында:
аталған Жарлықтағы 1-тармақта:
«Самақова Айткүл Байғазықызы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегi ұлттық комиссияның төрайымы» |
Редакция документа
Демо – версия документа