«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақсатан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 мамырдағы № 593 Жарлығы (2010.01.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақсатан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2010.01.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Президентінің 2010.01.02. № 922 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 41, 569-құжат; 2006 ж., № 5, 39-құжат):
3-тармақтағы «Отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жыл сайын 15 ақпанға Стратегияның іске асырылу барысы туралы Мемлекет басшысын хабардар етіп отырсын.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
3) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат):
Жарлықтың атауындағы және 1-2-тармақтарындағы «Отбасы істері және гендерлік», 3-тармақтың 1) тармақшасындағы және 4-тармақтағы «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер тиісінше «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық», «әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
атауында және 1-тармақта «Отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
3) тармақшада:
Демо – версия документа