«Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 854 Қаулысы (2014.04.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитетін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 854 Қаулысы
(2014.04.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 206 Қаулысымен күші жойылды
ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күресу үшін Жаһандық қормен жұмысты үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті (бұдан әрі - Елдік үйлестіру комитеті) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Елдік үйлестіру комитетінің құрамы;
2) Елдік үйлестіру комитеті туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 шілдедегі
№ 854 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру
комитетінің құрамы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі, төраға
Қазақстандағы және Түрікменстандағы АИТВ/ЖИТС бойынша БҰҰ Бірлескен Бағдарламасының үйлестірушісі, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
«АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың қазақстандық одағы» қоғамдық қорының президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Документ утратил силу
Демо – версия документа