(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.25.07 № 854 ҚАУЛЫСЫ
Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитетін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 854 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күресу үшін Жаһандық қормен жұмысты үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті (бұдан әрі - Елдік үйлестіру комитеті) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Елдік үйлестіру комитетінің құрамы;
2) Елдік үйлестіру комитеті туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 25 шілдедегі
№ 854 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитетінің
құрамы
Қайырбекова Салидат Зекенқызы
| - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төраға |
Аманжолов Нұрәлі Хамрақұлұлы | - «АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың қазақстандық одағы» қоғамдық қорының президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
|
Гайлевич Роман Евгеньевич | - Қазақстандағы және Түрікменстандағы АИТВ/ЖИТС бойынша БҰҰ Бірлескен Бағдарламасының үйлестірушісі, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
|
Құлқаева Гүлнәр Өтепбергенқызы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, хатшы
|
Аманбаев Әмірхан Тапашұлы
| - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
|
Ахметов Серік Әбжәліұлы
| - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Ирсалиев Серік Әзтайұлы
| - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Ескендіров Абай Мұқашұлы
| - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі
|
Редакция документа
Демо – версия документа