(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.25.07 № 854 ҚАУЛЫСЫ
Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитетін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 854 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күресу үшін Жаһандық қормен жұмысты үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті (бұдан әрі - Елдік үйлестіру комитеті) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Елдік үйлестіру комитетінің құрамы;
2) Елдік үйлестіру комитеті туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 шілдедегі
№ 854 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитетінің
құрамы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төраға
«АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың қазақстандық одағы» қоғамдық қорының президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстандағы және Түрікменстандағы АИТВ/ЖИТС бойынша БҰҰ Бірлескен Бағдарламасының үйлестірушісі, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары
Редакция документа
Демо – версия документа