(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.22.09. № 903 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық
ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 Қаулысы
(2010.18.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберінде сауда саясатын жетілдіру, ықпалдасу үдерістерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы;
2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.19.03. № 207 (бұр. ред. қара); 2007.29.10. № 1006 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрамы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1260 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 434 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2009.22.06. № 959 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 903 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу
мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
|
Редакция документа
Демо – версия документа