(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.22.09. № 903 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық
ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберінде сауда саясатын жетілдіру, ықпалдасу үдерістерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы;
2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
№ 903 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық
экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясының құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы Министрінің орынбасары - Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрі,
төраға
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич және сауда министрі, төрағаның
Редакция документа
Демо – версия документа