(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.22.09. № 903 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық
ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 Қаулысы
(2007.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберінде сауда саясатын жетілдіру, ықпалдасу үдерістерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы;
2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
№ 903 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.19.03. № 207 Қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық
экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясының құрамы
Мусин - Қазақстан Республикасы Премьер-
Аслан Есболайұлы Министрінің орынбасары - Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрі,
төраға
Редакция документа
Демо – версия документа