Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 Қаулысы (2011.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

«Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 Қаулысы

(2011.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 190 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1091 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1091 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 114 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының  9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1091 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1091 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1668 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әр бірлігін тіркеу және қайта тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.10.02. № 114 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік қызметті осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекен жайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының лицензия-рұқсат беру жүйесінің бөліністері (бұдан әрі - ЛРЖ бөліністері) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

3. «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әр бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызметі «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының және 15-бабы 2-тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесі негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ), облыстардың, Алматы және Астана қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) www.mvd.kz  Иитернет - ресурсының «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде орналастырылған, олардың тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен ЛРЖ бөліністеріндегі стенділерде орналастырылған.

ҚР Үкіметінің 2011.10.02. № 114 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны: жеке тұлғаға қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге, заңды тұлғаға қаруды сақтауға берілген рұқсат қағаз не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Мемлекеттік қызмет:

1) 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктерге;

2) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың қызметкерлеріне;

3) 19 жасқа толған күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлеріне;

4) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғаларға;

5) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет қызметі бөліністерін қоспағанда, күзет қызметімен айналысуға лицензиялары бар субъектілерге;

6) спорт ұйымдарына (бұдан әрі - өтініш берушілер) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған және ішкі істер органдарында олар тіркелген сәттен бастап:

өзге де субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алуды не жергілікті жерге шыға отырып тексеруді қажет етпейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтінішін қарау кезінде күнтізбелік он бес күнді;

өзге де субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алуды не жергілікті жерге шыға отырып, тексеруді қажет ететін жеке және  (немесе) заңды тұлғаның өтінішін қарау кезінде күнтізбелік отыз күнді құрайды;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;

3) қажетті құжаттарды тапсырған кезде тұтынушыға қызмет көрсетуге берілетін ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;

4) қаруды сақтауға, сақтауға немесе алып жүруге рұқсат алу кезінде берілетін ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қаруының әр бірлігін тіркеу және  қайта тіркеу үшін (суық аңшы, сигналдық, жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен оқталған механикалық шашыртқылар, аэрозольдік және басқа да құрылғылар, ұңғы энергиясы 7,5 Дж аспайтын және калибрі 4,5 мм дейінгі пневматикалық қаруларды қоспағанда) мемлекеттік алым төлеу күні белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызын құрайды.

Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің мөлшері мен төленген күнін растайтын түбіртек береді.

ҚР Үкіметінің 2011.10.02. № 114 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

9. ЛРЖ бөліністерінде сатып алуға рұқсат және тіркеу (қайта тіркеу) мәселелері бойынша азаматтар мен ұйымдардың өкілдерін қабылдау әр дүйсенбі және бейсенбі күндері сағат 9-00—ден бастап 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін және айына екі рет демалыс күндері сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау кезек бойынша, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүргізіледі.

10. ЛРЖ бөліністерінің үй-жайлары ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ИО) басқа бөлімшелерінен бөлек, дене мүмкіндіктері шектелген адамдарға арналған пандустары бар кіретін есігі болады. Күту залы, құжаттарды толтыратын орындары қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қаруының әр бірлігін тіркеу және қайта тіркеу мәселелерін реттейтін, сондай-ақ лицензия-рұқсат беру жүйесінің ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертпе берілетін нормативтік құқықтық актілердің үзінділері (үзінді-көшірмелері) бар стенділермен жабдықталады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

11. Қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесі (бұдан әрі - Ереже) талаптарына сәйкес сатып алынған азаматтық қаруды тіркеу (оны сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсат алу) үшін Қазақстан Республикасының азаматы аумақтығы бойынша ІІО, ІІД-ге:

3x4 см мөлшеріндегі екі фотосуретті;

қаруды тіркегені (қайта тіркегені) және қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат беру үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртектер;

қаруды сатып алу көзін көрсететін құжатты (рұқсаттың немесе өтініштің телнұсқасын);

қаруды дүкеннен алғаш рет сатып алу кезінде және одан кейінгі әрбір 5 жылда ІІО-да қайта тіркеу кезінде сатып алынған шолақ аңшы қаруынан оқты және гильзаларды бақылау мақсатында атып көру туралы актіні ұсынады.

Өзін-өзі қорғауға арналған ұзын тегіс ұңғылы атыс қаруы, оның ішінде жарақат салатын патрондары бар қару денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тиісті нормаларына сәйкес аңшылық куәлігі болмай-ақ, оны алып жүру құқығынсыз тіркеледі.

Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, арнайы органдардың арнаулы атағы бар қызметкерлері азаматтық қаруды тіркеуі (оны сақтауға немесе сақтау мен алынып жүруге рұқсат алуы) үшін қаруды иеленуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қарсы айғақтардың жоқ екені туралы медициналық қорытынды талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдіктер газды тапаншалар мен револьверлерді, ұңғысыз атыс қаруын, электр қаруын өздері азаматтары болып табылатын - мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдаухаты бойынша жалпы негіздерде тіркейді (оларды сақтап және алынып жүруге рұқсат алады);

2) Қазақстан Республикасының азаматы қайта тіркеу (азаматтық қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсаттың жарамдылық мерзімін ұзарту) үшін аумақтық ІІО, ІІД-ға Ереженің талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынады;

3) Ереже талаптарына сәйкес сатып алынған қызметтік қаруды тіркеу (оны сақтауға және пайдалануға рұқсат алу) үшін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер аумақтылығы бойынша ІІО, ІІД-ге:

сатып алынған қарудың саны (әр бірліктің түрі, үлгісі, моделі, жүйесі, калибрі, нөмірі, шығарылған жылы) туралы; қаруды сақтау мен пайдалануға жауапты адам, сондай-ақ қаруды алуға рұқсаты бар адамдар, оның ішінде күзет қызметкерларі туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері) көрсетілетін ұйым басшысының өтінішін;

заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкердің қару мен оның патрондарының сақталуы үшін жауапты адамды тағайындау туралы бұйрығының көшірмесі;

денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсы айғақтар жоқ екені туралы медициналық қорытынды;

қаруды қауіпсіз ұстаудың ережелерін білетіндігін тексеру туралы анықтамалар;

қаруды сатып алу көзін көрсететін құжатты (ІІО, ІІД беретін лицензияның телнұсқасын);

қаруды сақтауға рұқсат беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті;

қаруды сақтауға арналған үй-жайдың жарамдылығы туралы ІІО, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерінің өкілдері жасаған актіні (қаруды сақтауға арналған жаңа объектіні ашу кезінде ұсынылады) ұсынады;

ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) Ереженің 2, 4, 6, 7-1, 7-2, 9, 10-қосымшаларында көрсетілген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қызметкерлерінің қызметтік және азаматтық қаруды тіркеуі (оларды сақтауға және алып жүруге рұқсат алуы) үшін қажетті құжаттар тізбесі:

заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкердің өтініші (қолдаухаты);

қаруды тіркеуге үміткер адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен жері көрсетілген тізімі қосымшасымен;

заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкердің адамды лауазымға тағайындау туралы және қызметтік қаруды жеке бекіту туралы бұйрықтарының көшірмелері;

ұйым басшысының адамды лауазымға тағайындау туралы және қызметтік қаруды жеке бекітіп беру туралы бұйрықтарының көшірмелері;

қаруды тіркеуге үміткер адамның жеке куәлігінің көшірмесі;

3x4 см мөлшеріндегі екі фотосуреті;

күзетшілерді (күзет қызметі субъектілері үшін) даярлау (қайта даярлау) жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары берген күзетші ретіндегі жұмысқа даярлықтан өткенін растайтын куәліктері;

қару ұстау қауіпсіздігі ережесін білуін тексеру туралы «Динамо» дене тәрбиесі-спорт қоғамы берген (күзет қызметі субъектілерін қоспағанда) анықтамалар;

денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсы айғақтар жоқ екені туралы медициналық қорытынды;

қаруды тіркегені және қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсат беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртектер.

12. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алуға өтінішті осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес аумақтық ІІО, ІІД-ге тапсырады. Өтінішті толтыру үлгілері ЛРЖ-ның бөліністерінде орналасқан стенділерде бар.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша аумақтық ІІО-ның, ІІД-нің кеңсесіне тапсырылады.

Кеңсе қызметкері өтініш берушінің құжаттарын қабылдайды және тіркейді.

14. ҚР Үкіметінің 2011.10.02. № 114 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15. Өтініш берушіге осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.

16. Қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттарды ЛРЖ-ның осы рұқсаттарды ресімдеген қызметкері өтініш берушінің өзіне не сенімхат бойынша уәкілетті адамға береді.

17. Мыналар:

1) өтініш берушінің осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбауы,

2) мемлекеттік қызмет көрсетуден ерікті түрде бас тарту;

3) қоғамдық тәртіпке немесе белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайтадан жасауы;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсат алу мүмкіндігін жоятын мән-жайлардың туындауы;

5) азаматтық және қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соққан қаруды конструкциялық өзгертуі;

6) азаматтық және қызметтік қарудың азаматтық және қызметтік қару мен олардың патрондары айналымы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалдық талаптарға сәйкес келмеуі;

7) егер адам:

жасы 18 жасқа толмаса (азаматтық қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты ресімдеу кезінде);

жасы 19 жасқа толмаса (күзет қызметі субъектілері қызметкерлерінің қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатты ресімдеуі кезінде);

қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе заңнамада белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы болса;

тұрақты тұратын жері болмаса;

қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлары болмаса (сейфтің немесе металл шкафтың немесе бөтен адамдардың қаруды алуға мүмкіндігін болдырмайтын өзге құрылыстың жоқтығы);

аумақтығы бойынша ІІО, ІІД-ге қаруды ұстау қауіпсіздігі ережесін білуін тексеруден өткенін растайтын құжаттарды ұсынбаса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

18. ЛРЖ бөліністерінің қызметі адамдардың конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты және ІІО қызметкерінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оны сақтауды қамтамасыз ету, қорғау және құпиялылық қағидаттарында жүзеге асырылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

19. ЛРЖ бөліністері жұмысының нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның және оның аумақтық мекемелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

21. ЛРБЖ қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ІІО-ның, ІІД-нің, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің, ІІМ-нің жоғары тұрған басшыларына шағымдануға болады.

22. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта арқылы не ІІО-ның, ІІД-нің, ІІМ-нің кеңселері арқылы жұмыс күндері сағат 9-00 бастап 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00 бастап сағат 13-00-ге дейін қолма-қол қабылданады.

23. Әдепсіз қызмет көрсету туралы шағым заңнамада белгіленген тәртіппен осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІО-ның, ІІД-нің, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің, ІІМ-нің жоғары тұрған басшылығына беріледі.

ҚР Үкіметінің 2011.10.02. № 114 Қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды

23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым жазбаша түрде ерікті нысанды пошта, электрондық пошта не ІІО-ның, ІІД-нің, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің, ІІМ-нің кеңсесі арқылы қабылданады.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекен жайы, заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қоюы керек.

25. Қабылданған шағым ішкі істер органының ақпараттарды есепке алу журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш берушіге өтінішті/арызды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, күні мен уақыты көрсетіле отырып, талон (стандартқа 4-қосымша) беріледі.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге пошта немесе электрондық пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

26. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1, интернет-ресурсы: www.mvd.kz қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 71-40-75.

 

ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1668 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

Тармақша №

Ішкі істер департаменттері

Заңды мекен жайы

Интернет-ресурсы

Ішкі істер департаметтері хатшылығының телефондары

Лицензия-рұқсат беру жүйесі телефондары

1

2

3

4

5

6

1.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 19

www.ast.dvd.mvd.kz

71-61-98, 71-61-99

71-61-70, 71-60-18. 71-63-66

1)

«Алматы» ауданының Ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Жансүгіров көшесі. 2

 

71-68-63

71-67-37

2)

«Сарыарқа» ауданының Ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Есенберлин көшесі, 1

 

71-66-32

71-66-46

3)

«Есіл» ауданының Ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 21

 

79-88-02,

79-88-10

79-88-02

2.

Ақмола облысының ішкі істер департаменті

Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 35

www.akmdvd.onlaine.kz

29-11-24, 29-11-25

25-00-35

1)

Көкшетау қаласының Ішкі істер басқармасы

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 121

 

25-78-05, 29-96-79

23-03-49

2)

Степногор қаласының ішкі істер басқармасы

Степногор қаласы, 5-шағын аудан, 49

 

5-82-02

5-82-02

3)

1 Ақкөл ауданының ішкі істер бөлімі

Ақкөл қаласы, Октябрь көшесі, 2

 

2-10-02

2-10-02

4)

Аршалы ауданының ішкі істер бөлімі

Аршалы ауылы, Ташенов көшесі, 47

 

2-17-44

2-17-44

5)

Астрахан ауданының ішкі істері бөлімі

Астрахан ауылы, Байтұрсынов көшесі, 16

 

2-13-02

2-13-02

6)

Атбасар ауданының ішкі істер бөлімі

Атбасар қаласы, Урицк көшесі. 38

 

4-37-40

4-37-40

7)

Бұланды ауданының ішкі істер бөлімі

Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 135

 

2-10-02

2-10-02

8)

Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімі

Егіндікөл ауылы, Бейбітшілік көшесі, 8

 

2-14-85

2-14-85

9)

Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімі

Степняк қаласы, Ленин көшесі, 79

 

2-30-40

2-30-40

10)

Ерейментау ауданының ішкі істер бөлімі

Ерейментау қаласы, Бөгенбай көшесі, 79

 

3-32-68

3-32-68

11)

Есіл ауданының ішкі істер бөлімі

Есіл қаласы, Әуезов көшесі, 63

 

2-12-02

2-12-02

12)

Жақсы ауданының ішкі істер бөлімі

Жақсы ауылы, Тұрлыбаев көшесі, 34

 

2-12-89

2-12-89

13)

Жарқайың ауданының ішкі істер бөлімі

Державинск қаласы, Захаров көшесі, 33

 

9-63-33

9-63-33

14)

Зеренді ауданының ішкі істер бөлімі

Зеренді ауылы, Ілиясов көшесі, 42

 

3-44-02

3-44-02

15)

Қорғалжын ауданының ішкі істер бөлімі

Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі, 8

 

2-14-35

2-14-35

16)

Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімі

Балкашино ауылы, Абай көшесі, 101

 

5-00-02

5-00-02

17)

Целиноград ауданының ішкі істер бөлімі

Ақмол ауылы

 

92-4-18

92-4-18

18)

Шортанды ауданының ішкі істер бөлімі

Шортанды ауылы, Советская көшесі, 21

 

2-75-02

2-75-02

3.

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті

Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 57а

www.almaty.polise.kz

254-41-55, 254-42-24

254-47-81, 254-42-17, 254-42-15,

254-47-97, 254-40-83

1)

Алатау ауданының Ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 78

 

298-54-85

298-54-85

2)

Алмалы ауданының Ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 109

 

254-46-29

254-46-22

3)

Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 76

 

298-53-53

221-09-86

4)

Бостандық ауданының Ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Радостовец көшесі, 205

 

254-47-34

395-05-43

5)

Жетісу ауданының Ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Райымбек көшесі, 158 а

 

279-96-88

233-69-18

6)

Медеу ауданының Ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Зенков көшесі, 37

 

254-48-18

254-48-15

7)

Түріксіб ауданының Ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 14

 

298-54-09

298-54-45

4.

Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті

Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жубановтар көшесі, 271

www.aktobepolise.kz

51-27-55, 93-03-03

52-02-09, 93-01-07

1)

Ақтөбе қаласының Ішкі істер басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 21,

 

21-23-38, 40-41-08

97-08-77, 97-08-70

2)

Әйтеке би ауданының ішкі істер бөлімі

Комсомол ауылы, Ардагер көшесі, 7

 

2-14-29

2-17-75

3)

Алға ауданының ішкі істер бөлімі

Алға қаласы, Мұхамбетов көшесі, 28

 

3-11-02

3-37-02

4)

Байғанин ауданының ішкі істер бөлімі

Байғанин ауылы, Советтер көшесі, 15

 

22-1-74

22-6-82

5)

Ырғыз ауданының ішкі істер бөлімі

Ырғыз ауылы, Ленин көшесі, 14

 

2-12-27

2-12-03

6)

Қарғалы ауданының ішкі істер бөлімі

Бадамша ауылы, Пацаев көшесі, 9

 

23-6-31

22-8-57

7)

Мәртөк ауданының ішкі істер бөлімі

Мәртөк ауылы, Ления көшесі, 45

 

2-14-04

2-14-90

8)

Мұғалжар ауданының ішкі істер бөлімі

Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесі, 74а

 

3-66-08

3-61-38

9)

Темір ауданының ішкі істер бөлімі

Шұбар құдық ауылы, Желтоқсан көшесі, 1

 

2-23-60

2-32-02

10)

Ойыл ауданының ішкі істер бөлімі

Ойыл ауылы, Қойшығұлов көшесі, 42

 

2-18-98

2-17-17

11)

Қобда ауданының ішкі істер бөлімі

Қобда ауылы, Астана көшесі, 97

 

2-16-92

2-16-95

12)

Хромтау ауданының ішкі істер бөлімі

Хромтау қаласы, Абай даңғылы, 10

 

2-12-37

2-16-24

13)

Шалқар ауданының ішкі істер бөлімі

Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы көшесі, 88

 

2-14-61

2-14-63

5.

Алматы облысының Ішкі істер департаменті

Талдықорған қаласы Жансүгіров көшесі, 91/95

www.jetisu-police.kz

60-02-11, 60-01-54

60-01-15, 60-01-08

1)

Талдықорған қаласының Ішкі істер басқармасы

Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 249

 

60-86-04

24-42-00

2)

Еңбекші қазақ ауданының Ішкі істер басқармасы

Есік қаласы, Тоқатаев көшесі, 105

 

4-48-89

4-48-89

3)

Іле ауданының Ішкі істер басқармасы

Өтеген батыр ауылы. Батталханов көшесі

 

51-72-14

51-72-14

4)

Қарасай ауданының Ішкі істер басқармасы

Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 90

 

98-34-22

2-28-06

5)

Талғар ауданының Ішкі істер басқармасы

Талғар қаласы, Абылайхан көшесі, 120

 

295-61-05

295-61-05

6)

Қапшағай қаласының ішкі істер бөлімі

Қапшағай каласы, Қонаев көшесі, 4

 

4-17-98

4-10-98

7)

Текелі қаласының ішкі істер бөлімі

Текелі қаласы, Қонаев көшесі, 104

 

4-51-18

4-51-18

8)

Ақсу ауданының ішкі істер бөлімі

Жансүгіров кенті, Жекебаев көшесі, 104

 

2-15-95

2-15-95

9)

Алакөл ауданының ішкі істер бөлімі

Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 9

 

2-12-84

2-22-14

10)

Балқаш ауданының ішкі істер бөлімі

Бақанас ауылы, Сейфуллин көшесі, 1

 

91-4-01

91-4-01

11)

Ескелді ауданының ішкі істер бөлімі

Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 10

 

3-01-02

3-01-02

12)

Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі

Ұзынағаш ауылы, Рысқұлов көшесі, 78

 

2-12-45

2-15-45

13)

Қаратал ауданының ішкі істер бөлімі

Үштөбе қаласы, Төле би көшесі, 63

 

2-10-02

2-11-57

14)

Кербұлақ ауданының ішкі істер бөлімі

Сарыөзек ауылы, Момышұлы көшесі, 32

 

31-8-55

31-8-55

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции