(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.26.10 № 1668 ҚАУЛЫСЫ
«Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 Қаулысы
(2010.21.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1091 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1091 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1091 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1091 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1668 қаулысымен
бекітілген
«Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әр бірлігін тіркеу және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекен жайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының лицензия-рұқсат беру жүйесінің бөліністері (бұдан әрі - ЛРЖ бөліністері) көрсетеді.
Редакция документа
Демо – версия документа