(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.26.10 № 1668 ҚАУЛЫСЫ
Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 Қаулысы
(2010.19.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1668 қаулысымен
бекітілген
«Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының
әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы», «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде көрсетіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа