(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 08.09.03 Ж. № 467...
Тракторларды және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен
механизмдердi, олардың тiркемелерiн, соған қоса арнайы жабдық орнатылған
тiркемелердi, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және
жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жоғары
өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тiркеу ережелерiн
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2003 ж. 8 қыркүйектегі № 467 бұйрығы
(2006.05.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 27 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР АШ министрінің 2006.05.04. № 217 Бұйрығымен атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР АШ министрінің 2006.05.04. № 217 Бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңын орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:
ҚР АШ министрінің 2006.05.04. № 217 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ұсынылып отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тiркеу ережелерi бекітілсiн.
2. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және техникалық саясат департаментi (Доскенов М.Ж.) заңнамаларда белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінiң келесi бұйрықтарының күшi жойылсын:
1) "Тракторлардың, өзi жүретiн ауыл шаруашылық және мелиоративтiк машиналардың есебiн алу әрi техникалық жай-күйiне тексеру жүргiзу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 16 қыркүйектегi № 281 (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде 2002 жылдың 17 қарашасында тiркелген № 2015);
Редакция документа
Демо – версия документа