(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Тракторларды және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен
механизмдердi, олардың тiркемелерiн, соған қоса арнайы жабдық орнатылған
тiркемелердi, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және
жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн мемлекеттік тiркеу ережелерiн
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2003 ж. 8 қыркүйектегі № 467 бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 5 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 тамыздағы № 827 қаулысын орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн мемлекеттік тiркеу ережелерi бекітілсiн.
2. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және техникалық саясат департаментi (Доскенов М.Ж.) заңнамаларда белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінiң келесi бұйрықтарының күшi жойылсын:
1) "Тракторлардың, өзi жүретiн ауыл шаруашылық және мелиоративтiк машиналардың есебiн алу әрi техникалық жай-күйiне тексеру жүргiзу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 16 қыркүйектегi № 281 (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде 2002 жылдың 17 қарашасында тiркелген № 2015);
2) "Қазақстан Республикасында доңғалақты тракторларды, соған қоса олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, сондай-ақ доңғалақты тракторлар құрамында жүруге арналған тіркемелерді мемлекеттік тiркеу және олардың техникалық жай күйiне тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 16 қыркүйектегi № 282 (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде 2002 жылдың 17 қарашасында тiркелген № 2015/1).
Редакция документа
Демо – версия документа