«Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 217 Бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 217 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
«Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 467 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2564 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж. № 43-48, 902-құжат):
атауы және 1-тармағындағы «машиналары мен механизмдерін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды» деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы № 827 қаулысын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңын» деген сөздермен ауыстырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа