Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 576 Қаулысы (2014.18.04. берілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 576 Қаулысы

(2014.18.04. берілген өзгерістерімен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 11 маусымдағы

№ 576 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

 

1.«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 53-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық» холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 5-бөлімде:

бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын.

2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Қазына» АҚ-ның арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:

бірінші абзац «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын.

3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 5-1-бөлімде:

бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын.

4. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 192 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:

бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын.

5. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 970 қаулысында:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:

бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:

бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:

бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын.

6. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы № 392 қаулысында:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:

бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:

бірінші абзац «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:

бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын.

7. ҚР Үкіметінің 2014.18.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысында:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамында:

мына:

«Есімов

Ахметжан Смағұлұлы

- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы

министрі, төрағаның орынбасары»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Күрішбаев

Ақылбек Қажығұлұлы

- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы

министрі, төрағаның орынбасары»;

2) ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции