«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 Қаулысы (2019.06.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 Қаулысы
(2019.06.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 181-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар өкілдерінің «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлануын қамтамасыз етсін.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«ҚазАгро» холдингі» АҚ-ны басқару мәселелері» деген 5-бөлімде:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі «ҚазАгро» холдингі» АҚ директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін айқындайды.
«ҚазАгро» холдингі» АҚ директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар), сондай-ақ тәуелсіз директорлар мен «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы кіреді.».
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Демо – версия документа