(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.11.06 № 576 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 576 Қаулысы
(2008.12.11. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2014 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 11 маусымдағы
№ 576 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1.«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 53-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық» холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 5-бөлімде:
бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Қазына» АҚ-ның арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:
Редакция документа
Демо – версия документа