«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығы (2024.29.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы
(2024.29.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2009.02.07. № 841 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.23.06. № 1012 Жарлығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2009.02.07. № 841 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2010.23.06. № 1012 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын өткізу белгіленсін.
ҚР Президентінің 2009.02.07. № 841 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2010.23.06. № 1012 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия құрылсын.
Құрамға өзгеріс енгізу туралы ҚР Президентінің 2007.23.07 № 368 Жарлығын; ҚР Президентінің 2007.1.11 № 433 Жарлығын қара; ҚР Президентінің 2009.02.07. № 841 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2010.23.06. № 1012 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты өткізу және лауреаттар атағын беру ережелері;
2) ҚР Президентінің 2009.02.07. № 841 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-1) «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережесі;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
Демо – версия документа