(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2006.09.10 № 194 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктер үшін»
сыйлығын алуға арналған конкурс және «Алтын сапа»
республикалық көрме-конкурсы туралы
(2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 2 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2006 жылдан бастап жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурсын және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсын өткізу белгіленсін.
2. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты атағын және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атаған беру жөніндегі комиссия құрылсын.
Құрамға өзгеріс енгізу туралы ҚР Президентінің 2007.23.07 № 368 Жарлығын; ҚР Президентінің 2007.1.11 № 433 Жарлығын қара
3. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурсты өткізу және лауреаттар атағын беру ережелері;
2) «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережелері;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты атағын және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
4. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері жыл сайынғы «Алтын сапа» өңірлік көрме-конкурстарын ұйымдастыру және өткізу жөнінде шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерін;
2) «Алтын сапа» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну, алдын ала сараптамалық бағалау ережелерін әзірлесін және бекітсін.
Редакция документа
Демо – версия документа