(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2006.09.10 № 194 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс туралы
(2009.02.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2009.02.07. № 841 Жарлығымен тақырыб жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2009.02.07. № 841 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1.2009 жылдан бастап жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсын өткізу белгіленсін.
ҚР Президентінің 2009.02.07. № 841 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия құрылсын.
Құрамға өзгеріс енгізу туралы ҚР Президентінің 2007.23.07 № 368 Жарлығын; ҚР Президентінің 2007.1.11 № 433 Жарлығын қара; ҚР Президентінің 2009.02.07. № 841 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты өткізу және лауреаттар атағын беру ережелері;
2) ҚР Президентінің 2009.02.07. № 841 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
4. ҚР Президентінің 2009.02.07. № 841 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2009.02.07. № 841 Жарлығымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерін әзірлесін және бекітсін;
2) ҚР Президентінің 2009.02.07. № 841 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа