Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14
желтоқсандағы № 1917 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.04.00 ж. № 489; 28.07.00 ж. № 1157; 16.10.00 ж.
№ 1540; 06.04.01 ж. № 451; 28.11.01 ж. № 1539; 26.03.02 ж. № 355;
31.10.02 ж. № 1155; 10.12.02 ж. № 1300; 06.06.03 ж. № 536;
02.09.03 ж. № 891; 2005.19.03 № 254 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2005 ж. 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссия құрамы;

2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 06.04.01 ж. № 451; 31.10.02 ж. № 1155 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді

3. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі белгіленсін.

4. Мыналар таратылсын:

1) Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссиясы.

ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 5-тармақтың күшi жойылды

5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 6, 40-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіндегі 18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"18-1. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі және транзитті мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку