Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 14.12.99 Ж. № 1917 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру

туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы

14 желтоқсандағы N 1917 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 31 қазандағы N 1155 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссия құрамы;

2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

3. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленсін.

ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.06. N 451 қаулысымен.

4. Мыналар таратылсын:

1) Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссиясы.

5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіндегі 18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"18-1. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі және транзитті мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку