Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 644 Қаулысы (2017.15.06. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 644 Қаулысы

(2017.15.06. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Укіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2005 жылғы 28 маусымдағы

№ 644 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

өкiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер

 

1. ҚР Үкіметінің 2011.05.12. № 1465 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. ҚР Үкіметінің 2017.15.06. № 367 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. ҚР Үкіметінің 2010.23.06. № 632 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. «Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1272 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 48, 610-құжат):

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі комиссияның құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi енгiзiлсiн;

көрсетiлген комиссияның құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.

5. «Мемлекеттік органдардың функцияларын зерделеу және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту бойынша ұсынымдар әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 254-ө өкіміне:

мемлекеттік органдардың функцияларын зерделеу және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту бойынша ұсынымдар әзiрлеу жөнiндегі жұмыс тобының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшiнің орынбасары болып енгiзiлсiн;

көрсетілген жұмыс тобының құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.

6. «Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 287-ө өкіміне:

көрсетiлген өкiмге 2-қосымшада:

Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының әкiмшілiк реформасын iске асыру мәселелерi бойынша заңнамалық кесiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегi жұмыс тобының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшi болып енгiзiлсiн;

көрсетiлген жұмыс тобының құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.

7. «Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру және алға жылжыту жөніндегі ақпараттық-насихаттау топтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 26 наурыздағы № 68-ө өкімiне:

көрсетiлген өкiмге 1-қосымшада:

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша өңiрлерде түсiндiру жөніндегі ақпараттық-насихаттау топтарының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшi болып енгiзiлсiн;

көрсетiлген топтың құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын;

көрсетiлген өкiмге 2-қосымшада:

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру жөніндегі ақпараттық-насихаттық топтардың жол жүру кестесiнде, Оңтүстік Қазақстан облысы:

реттiк нөмiрi 7-жолдың «Т.А.Ә» бағанында «О.И. Жұмабеков» деген сөздер «З.Я. Балиева» деген сөздермен ауыстырылсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции