-
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне және Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің өкiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 644 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Укіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Yкіметінің
2005 жылғы 28 маусымдағы
№ 644 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
өкiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер
1. «Тарифтік саясат жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 488-құжат):
1-тармақта:
Тарифтiк саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әділет министрi енгiзiлсiн;
көрсетiлген комиссия құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетілдiру туралы» Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөніндегi мемлекеттік комиссиясының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әділет министрi енгiзілсiн;
көрсетiлген комиссияның құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
3. «Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 8 шілдедегi № 738 қаулысына:
Редакция документа
Демо – версия документа