(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 05.08.02 Ж. № 917 ЖАРЛЫҒЫ
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi
туралы ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президентінің
2002 ж. 5 тамыздағы № 917 Жарлығы
Осы редакция 2005 ж. 5 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 16-бабының 2) тармақшасына және "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ереже бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 19 сәуірдегі № 2956 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, № 17, 137-құжат);
2) "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы № 3012 өкімі;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 21 наурыздағы № 825 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3038 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Президентінің
2002 жылғы 5 тамыздағы
№ 917 Жарлығымен
бекітілген
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң (бұдан әрi - Есеп комитетi) мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа