Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 1570 Жарлығы (күші жойылды)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы

№ 917 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

 

ҚР Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiнiң 138-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ETEMIH:

1. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитеті туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2005 ж. мамырдың 4-і.

№ 1570

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2005 жылғы 4 мамырдағы

№ 1570 Жарлығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2002 жылғы 5 тамыздағы

№ 917 Жарлығымен

бекітілген

 

Республикалық бюджеттiң атқарылуын

бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы

ЕРЕЖЕ

 

Осы Ереже Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң (бұдан әрі - Есеп комитетi) мәртебесiн, өкiлеттіктерiн және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады.

2. Есеп комитетiнiң негiзгi мiндеттерi:

1) республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерiн реттейтiн бюджеттік заңнама және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын бақылау;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку