Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 ж. 19 сәуірдегі № 2956 Жарлығы (күші жойылды)

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi
туралы ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
1996 ж. 19 сәуірдегі № 2956 Жарлығы

Қазақстан Республикасының 2002 ж. 5 тамыздағы № 917 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 16-бабының 2)-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:

1. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы қоса берiлiп отырған ереже бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлық күшiне енген күннен бастап екi апта мерзiмде Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң қызметiн материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданатын болсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының Президентi

Қазақстан Республикасы

Президентінің

1996 жылғы 19 сәуірдегі

№ 2956 Жарлығына қосымша

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау

жөніндегі есеп комитетi туралы

Ереже

1. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi (бұдан былай - Есеп комитетi) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады.

2. Есеп комитетiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен және өкiмдерiмен, сондай-ақ осы Ережемен айқындалады.

Есеп комитетi дербес балансы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнелеген мөрi және өзiнiң атауы бар заңды тұлға болып табылады. Есеп комитетi Қазақстан Республикасының астанасында орналасады.

3. Есеп комитетiнiң құрамы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 7)-тармақшасына, 57-бабының 1)-тармақшасына және 66-бабының 9)-тармақшасына сәйкес жасақталады.

Есеп комитетiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн оның хатшылығы құрылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку