(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 28 АҚПАНДАҒЫ № 290 ҚАУЛЫСЫ
Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік
кәсiпорындардың қызметiн тиiмдi басқару
мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 28 ақпандағы № 290 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. № 482; 02.05.01 ж. № 591; 08.08.01 ж.
№ 1041; 03.08.01 ж. № 1029; 08.10.01 ж. № 1298; 04.12.01 ж.
№ 1565; 05.12.01 ж. № 1575; 25.02.02 ж. № 248; 20.04.02 ж.
№ 452; 27.06.02 ж. № 699; 25.09.02 ж. № 1051; 27.09.02 ж. № 1062;
28.12.02 ж. № 1405; 24.01.03 ж. № 90; 13.03.03 ж. № 244; 30.06.03 ж. № 630; 16.02.04 ж. № 182
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 215 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 182 қаулысымен тақырып өзгертілді
Мемлекет тарапынан кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың қызметiн басқару мен бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. № 482; 27.06.02 № 699; 28.12.02 ж. № 1405; 30.06.03 ж. № 630 (бұр. ред. қара); 16.02.04 ж. № 182 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгерді
1. 1-қосымшаға сәйкес кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын немесе кейбір республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға (бұдан әрi - РМК) қатысты мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) қоғамның директорлар кеңесiнiң (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін):
ұйымның орталық аппараты қызметкерлерiнiң штатын;
ұйымның есепке алу саясатын бекiтуiн;
3) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін) ұйымның атынан:
ұйымның қызметi мен оны дамытудың орта мерзiмдiк жоспарын (қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын) орындаудың нәтижелерiне ұйымның бiрiншi басшысының жауапкершiлiгі мен материалдық ынталандырылуының тiкелей байланысты болуын көздейтiн ұйымның бiрiншi басшысымен келісім-шарт;
Редакция документа
Демо – версия документа