Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 28 АҚПАНДАҒЫ № 290 ҚАУЛЫСЫ

Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк

кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару

мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 28 ақпандағы N 290 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. N 482; 02.05.01 ж. N 591; 08.08.01 ж.

N 1041; 03.08.01 ж. N 1029; 08.10.01 ж. N 1298; 04.12.01 ж.

N 1565; 05.12.01 ж. N 1575; 25.02.02 ж. N 248; 20.04.02 ж.

N 452; 27.06.02 ж. N 699; 25.09.02 ж. N 1051; 27.09.02 ж. N 1062;

28.12.02 ж. N 1405; 24.01.03 ж. N 90; 13.03.03 ж. N 244 енгізілген өзгерістерімен)



Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 30 маусымдағы N 630 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Мемлекет тарапынан кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн басқару мен бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. N 482; 27.06.02 N 699; 28.12.02 ж. N 1405 қаулыларымен 1-тармақ өзгерді

1. 1-қосымшаға сәйкес кейбiр акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын немесе кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға (бұдан әрi - РМК) қатысты мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) қоғамның директорлар кеңесiнiң (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін):

Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен ұлттық компанияны дамытудың орта мерзiмдiк жоспарын ескере отырып, қарыз алу лимиттерiн қоса алғанда, ұйымның жыл сайынғы бизнес жоспарларын;

орталық аппарат бойынша шығыстарды және демеушiлiк көмек ретiнде бөлiнетiн қаражатты (әлеуметтiк шығыстарды) бөлiп, ұйымның бюджетiн;

ұйымның орталық аппараты қызметкерлерiнiң штатын;

ұйымның есепке алу саясатын бекiтуiн;

2) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттік басқару органы - РМК үшін) алдында жыл сайынғы бизнес жоспары мен ұйым бюджетiнiң iске асырылуы туралы тоқсан сайын есеп беруiнiң жүзеге асырылуын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку