(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару
мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 28 ақпандағы N 290 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. N 482; 02.05.01 ж. N 591; 08.08.01 ж.
N 1041; 03.08.01 ж. N 1029; 08.10.01 ж. N 1298; 04.12.01 ж.
N 1565; 05.12.01 ж. N 1575; 25.02.02 ж. N 248; 20.04.02 ж.
N 452; 27.06.02 ж. N 699; 25.09.02 ж. N 1051; 27.09.02 ж. N 1062;
28.12.02 ж. N 1405; 24.01.03 ж. N 90; 13.03.03 ж. N 244; 30.06.03 ж. N 630
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 16 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекет тарапынан кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн басқару мен бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. N 482; 27.06.02 N 699; 28.12.02 ж. N 1405; 30.06.03 ж. N 630 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгерді
1. 1-қосымшаға сәйкес кейбiр акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын немесе кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға (бұдан әрi - РМК) қатысты мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) қоғамның директорлар кеңесiнiң (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін):
ұйымның орталық аппараты қызметкерлерiнiң штатын;
ұйымның есепке алу саясатын бекiтуiн;
3) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін) ұйымның атынан:
ұлттық компанияның қызметi мен оны дамытудың орта мерзiмдiк жоспарын орындаудың нәтижелерiне ұйымның бiрiншi басшысының жауапкершiлiгі мен материалдық ынталандырылуының тiкелей байланысты болуын көздейтiн ұйымның бiрiншi басшысымен келiсiм-шарт;
аудиторлық ұйыммен жыл сайынғы аудит жүргізуге шарт жасасуын;
Редакция документа
Демо – версия документа