(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК...30.04.03 Ж. № 75 БҰЙРЫҒЫ
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттiк өтінімдi жасау ережесiн
бекiту туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің 2003 ж. 30 сәуірдегі N 75 бұйрығы
Осы редакция ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 ж. 2 қыркүйектегі N 145 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің бюджеттiк өтiнiмдi жасау ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2003 жылғы 30 сәуiрдегi
N 75 бұйрығымен
бекiтiлген
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң
бюджеттік өтiнiмдi жасау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобасын әзiрлеу кезiнде бюджеттiк бағдарламаны негіздеу және оны қаржыландыру сомасын анықтау үшiн алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнің бюджеттiк өтiнiмдердiң құрылымын, оларды жасау тәртiбiн анықтайды.
2. Бюджеттiк өтiнiмдерді жасаудың негізгi мақсаты бағдарламаны орындаудың қажетті ресурстары мен нәтижелерi туралы сандық және қаржылық ақпарат негiзiнде және қаржы ресурстарының шектеулілігi шартында болжамды кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаларды таңдау, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігі мен нәтижелiлiгiн кейiннен бағалау болып табылады.
3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi (бұдан әрi бағдарламалардың әкiмшiсi) бюджеттiк өтiнiмдi ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларының, тиiстi бюджет комиссиясы анықтаған инвестициялық жобалардың тiзбесi мен оларды тиiстi бюджеттен қаржыландыру көлемдерiнiң шегінде жасайды.
Демо – версия документа