N 2364 болып тіркелген «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 75 бұйрығына № 1 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 ж. 2 қыркүйектегі № 145 бұйрығы (күші жойылды)
№ 2364 болып тіркелген "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімді жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 75
бұйрығына № 1 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің
2003 ж. 2 қыркүйектегі № 145 бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 72 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. № 2364 болып тіркелген "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 75 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау ережесінде:
1) тармақшада:
отыз төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"15-111 нысаны (16-1-қосымша) жедел әскери қызмет әскери қызметшілерінің лауазымдық айлықақысы бойынша шығындарды есептеуге арналған.
1-бағанда жедел әскери қызмет әскери қызметшілерінің тарифтік разряды көрсетіледі.
2-бағанда жедел әскери қызмет әскери қызметшілерінің саны көрсетіледі.
3-бағанда осы бағанда көрсетілген формула бойынша айқындалатын бір айдағы лауазымдық айлықақының сомасы көрсетіледі.
4-бағанда осы бағанда көрсетілген формулаға сәйкес бір жылдағы лауазымдық айлықақының сомасы айқындалады.";
отыз бесінші абзац "14-111" деген сандардан кейін ", 15-111" деген сандармен толықтырылсын;
6) тармақшада:
бірінші абзацтағы "міндетті сақтандыруға арналған жарналарын есептеу" деген сөздер "міндетті сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа