Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 28 қазандағы № 1624 және 2001 жылғы 7 маусымдағы № 767 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қаңтардағы № 35 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.05.07 № 692 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен ) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы № 1624 және
2001 жылғы 7 маусымдағы № 767 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 11 қаңтардағы № 35 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 2005.05.07  №  692 Қаулысымен  енгізілген өзгерістерімен )

 

ҚР  Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1057 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1)  ҚР Үкіметінің 2005 ж.  5 шілдедегі  №  692 Қаулысымен алып тасталды  (бұр. ред. қара)

2) "Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 7 маусымдағы № 767 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 20, 258-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесінде:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"7. Лицензияға, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтің және/немесе белгiлi бiр мамандық (мамандықтар) бойынша қызметтің түрi (түрлерi) көрсетiлген, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес қосымша берiледi."; 11-тармақтың 1) тармақшасы "белгiленген" деген сөздің алдынан "медициналық, дәрiгерлiк қызметтi жүзеге асыратын объектiлерi көрсетiлген," деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетiлген Ережеге қосымшадағы "қосымша" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;

осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетiлген Ережеге 2-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының

Үкіметінiң

2002 жылғы 11 қаңтардағы

№ 35 қаулысына қосымша

Емдiк препараттарды дайындауға

және сатуға байланысты қызметтi

лицензиялау ережесіне қосымша

Сериясы_______ N _______

фармацевтiк қызметке арналған

мемлекеттік лицензияға

N ____ ҚОСЫМША

_________________________________________________________________________
               (лицензияттың толық атауы, заңдық мекен-жайы)
____________________________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан
______________________________________________________________ объектiсiне
фармацевтiк қызметтің мынадай түрлерiне берiлдi:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Лицензиар-орган _________________________________________________________
                          (лицензиялау органының толық атауы)
Басшы __________________________________________       _____________
      (лицензияны берген орган басшысының Т.А.Ә.)         (қолы)
Берiлген уақыты 200__ жылғы "___" ______________
________________ қаласы
Мөр орны

Медициналық және дәрігерлік

қызметті лицензиялау ережесіне

2-қосымша

Сериясы_______ N _______

медициналық және дәрігерлік

қызметке арналған мемлекеттік лицензияға

N ____ ҚОСЫМША

_________________________________________________________________________
               (лицензияттың толық атауы, заңдық мекен-жайы)
____________________________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан
______________________________________________________________ объектiсiне
медициналық және дәрігерлік қызметтің мынадай түрлерiне берiлдi:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Лицензиар-орган _________________________________________________________
                          (лицензиялау органының толық атауы)
Басшы __________________________________________       _____________
      (лицензияны берген орган басшысының Т.А.Ә.)         (қолы)
Берiлген уақыты 200__ жылғы "___" ______________
________________ қаласы
Мөр орны

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции