(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 11.01.02 Ж. № 35 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы № 1624 және
2001 жылғы 7 маусымдағы № 767 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 11 қаңтардағы № 35 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Емдiк препараттарды дайындаумен және сатумен байланысты қызметтi лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы № 1624 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 530-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Емдiк препараттарды дайындаумен және сатумен байланысты қызметтi лицензиялау ережесінде:
6-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
9-тармақтың 1) тармақшасы "бекiткен" деген сөзден кейiн ", фармацевтiк қызметтi жүзеге асыратын объектiлер көрсетiлген," деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Лицензиатқа осы Ережедегі қосымшаға сәйкес фармацевтiк қызмет түрiн көрсете отырып, әрбiр объектiге қосымшасымен (қосымшаларымен) лицензия берiледi.";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетiлген Ережеге қосымшамен толықтырылсын;
2) "Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 7 маусымдағы № 767 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 20, 258-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Лицензияға, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтің және/немесе белгiлi бiр мамандық (мамандықтар) бойынша қызметтің түрi (түрлерi) көрсетiлген, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес қосымша берiледi."; 11-тармақтың 1) тармақшасы "белгiленген" деген сөздің алдынан "медициналық, дәрiгерлiк қызметтi жүзеге асыратын объектiлерi көрсетiлген," деген сөздермен толықтырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа