«Қазақжарылысөнеркәсіп» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 наурыздағы № 316 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақжарылысөнеркәсіп» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын және оның еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 наурыздағы № 316 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
«2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң «Қазақжарылысөнеркәсiп» республикалық мемлекеттік кәсiпорны мен оның қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары мемлекеттiң жарғылық қорға жүз пайыздық қатысуымен «Қазақжарылысөнеркәсiп» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн 2001 жылдың бiрiншi жарты жылдығында ашық аукционда сатуды жүзеге асырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына шешiмдерiне өзгерiс және толықтыру енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-37-жолмен толықтырылсын:
«123-37. «Қазақжарылысөнеркәсіп» ААҚ».
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкіметінің
2001 жылғы 2 наурыздағы
№ 316 қаулысына
қосымша
«Қазақжарылысөнеркәсіп» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының қайта ұйымдастырылатын еншілес кәсіпорындарының тізбесі
1. Алматыжарылысөнеркәсіп Алматы қаласы
2. Шығысжарылысөнеркәсіп Өскемен қаласы
3. Батысқазжарылысөнеркәсіп Ақтөбе қаласы
4. Қарағандыжарылысөнеркәсіп Қарағанды қаласы
5. Көкшетаужарылысөнеркәсіп Көкшетау қаласы
6. Қостанайжарылысөнеркәсіп Қостанай қаласы
7. Оңтүстікжарылысөнеркәсіп Шымкент қаласы
8. Тоннельарнайықұрылыс Алматы қаласы