Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001.02.03 № 316 ҚАУЛЫСЫ

«Қазақжарылысөнеркәсіп» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын және оның еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 наурыздағы № 316 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң «Қазақжарылысөнеркәсiп» республикалық мемлекеттік кәсiпорны мен оның қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары мемлекеттiң жарғылық қорға жүз пайыздық қатысуымен «Қазақжарылысөнеркәсiп» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн 2001 жылдың бiрiншi жарты жылдығында ашық аукционда сатуды жүзеге асырсын;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына шешiмдерiне өзгерiс және толықтыру енгiзiлсiн:

1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:

«Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі» бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 30а-жол алынып тасталсын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку