«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына 1-қосымша) (2017.14.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.27.01. № 87 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 212 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 209 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.14.03. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.14.03. № 119 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) және «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.14.03. № 119 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;
2) порталға жүгінген кезде:
I кезең - құжаттар топтамасының қабылдануын және «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік баждың төленгенін растау бойынша хабарлама алу - 5 (бес ) жұмыс күні;
II кезең - Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру - 10 (он) жұмыс күні;
Документ утратил силу
Демо – версия документа