(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРҒА (ТҮПНҰСҚАЛАР) АПОСТИЛЬ ҚОЮ»...
Осы редакция 2017 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.27.01. № 87 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 212 бұйрығына
1-қосымша
«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.27.01. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясы үшін және порталда 5 (бес) жұмыс күні;
2) басқа өңірлердегі Мемлекеттік корпорация үшін - 15 (он бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 минут;
2) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және қағаз түрінде.
Редакция документа
Демо – версия документа