«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығы (2018.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығы
(2018.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасын Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына, «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-3) тармақшасына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары бекітілсін.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.26.10. № 18-03/947 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2014 жылғы 24 желтоқсан | «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 2014 жылғы 30 желтоқсан |
Документ утратил силу
Демо – версия документа