(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 2014.12.12 № 4-2/...
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығы
(2015.03.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасын Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына, «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-3) тармақшасына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өндеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2014 жылғы 24 желтоқсан | «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 2014 жылғы 30 желтоқсан |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 4-2/664 бұйрығымен
бекітілген
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа