«Тауарларды сәйкестендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 374 бұйрығы (2019.28.06. берілген өзгерістермен)
Тауарларды сәйкестендірудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 374 бұйрығы
(2019.28.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.28.06. № 657 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 427-бабының 2, 3 және 4-тармақтарына және «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 45-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.28.06. № 657 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдану (пайдалану) қағидалары және дайындау бойынша оларға қойылатын талаптар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары пайдаланылатын сәйкестендіру тәсілдерін қолдану, оның ішінде мөрлер, мөр таңбалар қою және тауарларға цифрлық және басқа таңбалауды енгізу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, масштабты бейнелеу, тауарлардың және олардың қайта өнделген өнімдерінің алдын ала іріктелген сынамасын және (немесе) үлгілерін салыстыру, тауарлардың қолда бар таңбасын, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өндеу бойынша жасалатын операциялар мен тауарлар сипаттамасынан шығатын басқа тәсілдерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өндеу бойынша операцияларды жасау технологиялық поцесінде тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдерін өндіру технологиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер қамтылған, ұсынылған құжаттарды зерттеу арқылы пайдалану қағидалары;
Демо – версия документа