«Тауарларды сәйкестендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 657 бұйрығы
«Тауарларды сәйкестендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 657 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарларды сәйкестендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 16678 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 427-бабының 2, 3 және 4-тармақтарына және «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 45-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мындай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдану (пайдалану) қағидалары және дайындау бойынша оларға қойылатын талаптар;»;
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидаларында және дайындау бойынша оларға қойылатын талаптарда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдану (пайдалану) қағидалары және дайындау бойынша оларға қойылатын талаптар»;
1-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа