(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.18.07 № 820 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 Қаулысы
(2015.31.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 820 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. «Кондоминиум үй-жайларының меншік иелеріне (қатысушыларына) жер учаскесін берудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1813 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 57, 512-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кондоминиум үй-жайларының меншік иелеріне (қатысушыларына) жер учаскесін берудің тәртібінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кондоминиум қатысушыларының жер учаскесіне деген ортақ меншік құқығы (ортақ жер пайдалану құқығы) жылжымайтын мүлікке деген құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада көзделген тәртіппен тіркелуге тиіс.».
2. ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 485-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа