(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.18.07 № 820 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 Қаулысы
(2015.18.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 820 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. «Кондоминиум үй-жайларының меншік иелеріне (қатысушыларына) жер учаскесін берудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1813 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 57, 512-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кондоминиум үй-жайларының меншік иелеріне (қатысушыларына) жер учаскесін берудің тәртібінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кондоминиум қатысушыларының жер учаскесіне деген ортақ меншік құқығы (ортақ жер пайдалану құқығы) жылжымайтын мүлікке деген құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада көзделген тәртіппен тіркелуге тиіс.».
2. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесінде:
13-1-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесінің есептік деректеріне жер учаскесіне меншік құқығының немесе жер пайдалану құқығының ауысуы туралы мәліметтерді енгізу оларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негізінде жүргізіледі.».
43-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа