Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КЕМЕ ТІЗІЛІМІН...

Осы редакция 2017 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 355 бұйрығына 2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге

жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау

қағидалары

(2017.14.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау тәртібін айқындайды.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.22.01. № 42 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) жүзеге асырады.

Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беруге өтініштерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

3. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттауға өтініштерді қабылдау және кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы беру аумақтық органдар немесе Портал арқылы жүзеге асырылады.

4. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипаждарына қолданылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку