«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығы (2024.23.10 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығы
(2024.23.10 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 128 бұйрығын қараңыз (2025 ж. 28 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.12.05. № 343 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.16.04. № 209 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.12.05. № 343 бұйрығымен (2023 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.12.05. № 343 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
Демо – версия документа