Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ М. А. 2015...

Осы редакция 2016 жылғы 22 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 355 бұйрығына 2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге

жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау тәртібін айқындайды.

2. Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) жүзеге асырады.

Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруге өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) немесе www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - Портал) жүзеге асырылады.

3. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттауға өтініштерді қабылдау және кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы беру аумақтық органдар немесе Портал арқылы жүзеге асырылады.

4. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипаждарына қолданылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку