Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 158 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 158 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12065 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12102 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

7 және 8-тармақтар алып тасталсын;

20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Тұқымдық бақылау тұқымдардың бақылау сынамаларын іріктеу және кейіннен оларды аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларда зерттеу арқылы жүргiзiледi.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку